Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келді.
1947–1950 — Семей қаласындағы №5 орта мектепте оқыды.
1951–1954 — Алматы облысы Қаскелең ауданының Чапаев колхозындағы №87 мектепте оқыды.
1954–1957 — Алматы қаласындағы №12 С.М. Киров атындағы орта мектепте оқып бітірді.
1957–1959 — Алматы облысы Қаскелең ауданының Чапаев колхозында жұмыс істеді.
1959–1964 — Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) тарих-филология факультетінің студенті болып, оны үздік бітірді.
— Абай атындағы ҚазПИ-дегі музыка кабинетін меңгерушісі.
— Талдықорған, Алматы, Жамбыл облыстарына жасалған студенттердің фольклорлық экспедицияларына қатысты.
— ҚазПИ, ҚазМУ, Орта Азия республикаларының жоғары оқу орындарында өткен студенттердің ғылыми конференцияларында баяндамалар жасады.
— Фрунзе қаласында (Қырғызстан) өткен ЖОО аралық студенттер конференциясының дипломымен марапатталды.
— С. Мұқановтың 60 жылдығына арналып шығарылған «Қазақ филологиясының мәселелері» жинағында (ҒА баспасынан шыққан) «Сказочник Шалкарбай Данылбаев» атты мақаласы жарық көрді (Е. Тұрсыновпен бірге).
1964–1967 — Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспиранты.
1968–1970 — М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері.
1968 жылы Қазақ ССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған
«История казахской литературы» еңбегінің І-томының авторларының бірі (Е. Тұрсыновпен бірлесіп жазған).
— Қазақ ССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Казахская волшебная сказка» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1969).
1970–1979 — Қазақ ССР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым-хатшысы.
— «Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы», 1976-1988 жылдары «Қазақ ССР ҒА Хабарлары Филология сериясы» журналдарының жауапты хатшысы.
— «Казахская волшебная сказка» атты монографиясы жарық көрді. Оны СССР ҒА Төралқасы одақтық Академия жүйесінде шыққан үздік бес кітаптың бірі деп таныды.
- Г.Н. Потанин жинаған мәтіндердің алғашқы академиялық басылымына («Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина») қатысты (Н. Смирнова, Е. Тұрсыновтармен бірге).
— Қоғамдық ғылымдар саласындағы ғылыми ақпарат проблемаларына арналған Бүкілодақтық кеңеске қатысты (1971, Қараша, Мәскеу).
— СССР Журналистер Одағының мүшесі.
1979–1981 — Қазақ ССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, ғалым-хатшысы.
— «Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері» атты ғылыми басылымның құрастырушыларының бірі болды (Е. Костюхин, Н. Смирнова, Е. Тұрсыновтармен бірге).
1981–1982 — СССР ҒА Төралқасының Қаулысымен СССР ҒА М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтына аға ғылыми қызметкер ретінде іс-сапарға жіберілді.
1983–1988 — Қазақ ССР ҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер, Жамбылтану және қазіргі халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
— «Қазақтың халық прозасы» монографиясы жарық көрді.
— Осы кітап үшін Қазақ ССР ҒА Төралқасы шешімімен ІІ дәрежелі Ш. Уәлиханов сыйлығы берілді.
— Республикалық кино үйінде «Фольклор және кино» атты тақырыпта дәріс оқыды.
— М.О. Әуезовтің музей-үінде Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінде «Радлов - фольклор жинаушы және жариялаушы атты тақырыпта сабақ өткізді.
— «Қазақ фольклористикасының тарихы (революцияға дейінгі кезең)» атты ұжымдық еңбекте бірнеше тарау жазып, жариялады.
1988–1990 — Қазақстан Компартиясы ОК Идеология бөлімінің кеңесшісі.
— 1930–40 жылдары репрессияға ұшыраған көрнекті ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлерін ақтауға байланысты материалдар әзірлеуге қатысты.
— 1950 жылдардағы көрнекті ғалымдар мен әдебиет, өнер қайраткерлерін қуғынға ұшыратқан, халықтың музыкалық-әдеби мұрасын зерттеуді тежеген, тарихи процестің даму барысын бұрмалаған партияның тарих, әдебиет және мәдениет мәселелеріне қатысты қаулыларының күшін жоюға қажетті құжаттар әзірледі.
— Ленинград пен Астрахань облысында өткізілген «Қазақстанның мәдени күндеріне» байланысты шараларға ресми делегация мүшесі ретінде қатысты.
— Қазақстан Жазушылар одағының фольклор кеңесінде шығармашылық есебі тыңдалды. (1988, Қараша).
— М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Жанры казахской народной (несказочной) прозы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. (1989, Маусым).
1990–1991 — Қазақстан Компартиясы ОК саяси процестердің әлеуметтануы орталығының жетекшісі.
— Республиканың саяси және әлеуметтік өміріндегі көкейкесті мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізді.
— 1930–40 және 50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысына қатысты.
— Әлеуметтанушылардың Бүкілодақтық Ассоциациясының конференциясына қатысты. (1991, Қаңтар, Мәскеу).
— Осы Ассоциацияның мүшелігіне қабылданды.
— КПСС ОК-ның мәдениет пен әлеуметтану мәселелеріне арналған басқосуына қатысып, сөз сөйледі. (1991, Шілде, Мәскеу).
— Республиканың Жоғарғы Кеңесіне 31 мамырды 1930-жылдардағы аштық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасады.
— Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің мүшесі.
— Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі.
— «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
— Халық шығармашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық қоғамның (Финляндия) мүшесі болып сайланды.
1991–1992 — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының мәдениет секторының меңгерушісі, білім, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
– Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің ұлықтау салтанатын ұйымдастыру мен өткізу шараларына қатысты.
– Мемлекеттік рәміздер (елтаңба, әнұран, жалау) жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі комиссиясының жұмысшы тобының мүшесі.
1992–1994 — ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен жаңадан құрылған
Жоғары Аттестациялық Комиссиясының (ЖАК) төрағасы болып тағайындалды.
— «Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жоғарғы Аттестациялық Комиссия туралы ережені» жасап, Республика Үкіметіне ұсынды.
— Қазақстан Республикасы ЖАК-ның тұңғыш Төралқасын, сараптау кеңестерін, құрылымдық бөлімшелерін құрды.
— Республикада докторлық және кандидаттық диссертациялар кеңестерінің жүйесін құрды.
— Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Казахская несказочная проза» атты кітабы үшін әдебиет, өнер және архитектура салаларындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы тапсырылды.
— Алматыда ТМД елдері ЖАК төрағаларының кеңесін өткізді. Мұнда ТМД елдері Мемлекеттік аттестация органдарының Халықаралық Ассоциациясы (МАГАТ) құрылды.
— МАГАТ Төрағасы болып сайланды.
— Петербургте, Мәскеуде, Киевте МАГАТ кеңестерін өткізді.
— Ғылым докторы мен кандидаты дипломы, профессор мен доцент аттестаты үлгілерін жасап, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынды.
— «Ирандағы Қазақстан күндері» шараларының шеңберінде ресми делегация жұмысына қатысты. (1993, Маусым, Тегеран, Исфаһан).
— Бір топ Қазақстан ғалымдарына алғашқы ғылым докторы дипломы мен профессор аттестатын тапсырды.
— Диссертациялар қорғайтатын ғылыми кеңестер қызметін жетілдіру, диссертациялық жұмыстар сараптамасының сапасын арттыру жөнінде бірнеше республикалық кеңес өткізді.
1994–1994 — ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары.
— Қазақ тілінде В. Радловтың академиялық жинағын («Ел қазынасы – ескі сөз») «Ғылым» баспасынан шығарды (Б. Уахатов, К. Матыжановтармен бірігіп).
1995–1997 — ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба және мәтінтану орталығының жетекшісі.
— Үш параметр бойынша қолжазбалардың электронды каталогын топтастырудың бағдарламасын жасап, оны іске асырды.
— «Абай және фольклор» атты зерттеуі жарық көрді. (1995).
— Абайдың 150 жылдық мерейтойына қатысты. Семей қаласы.
— Түркияда «Қазақтың фольклорлық театры», «Өліммен күрескен адам» атты зерттеулері жарық көрді.
— Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
— Профессор ғылыми атағы берілді.
— Ресейде өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойы шараларына ресми делегация құрамында қатысты. (1996, Сәуір, Мәскеу).
— Жамбыл Жабаевтың «Избранные сочинения» атты шығармалар жинағын жариялады (құрастырып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазды).
— Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлығы берілді.
1997–1999 — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығын құрып, оны басқарды. Сонымен қатар филология факультетінің профессоры ретінде фольклор мен мифология пәндерінен дәріс оқыды.
Еуразия университетінде тұңғыш рет ашылған 10.02.09 – фольклортану және 10.01.02 – қазақ әдебиеті мамандықтары бойынша кандидаттық диссертация қорғалатын кеңестің төрағасы қызметін атқарды.
— С. Қасқабасовтың алғы сөзімен және редакциялық басқаруымен «Проблемы евразийства» атты ұжымдық монография жарық көрді (1998).
2000 — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде жаңадан құрылған Шығыстану факультетінің деканы, «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
— Иса Байзақовтың бір томдық «Ақбөпе» атты жинағын құрастырып, ғылыми түсініктемесін жазды.
2001 — Қ. Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойына қатысты.
2001 жылдың 26 қыркүйегінен бастап — М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарып келеді.
2002 — «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2003 жылдан бері — «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының фольклортану, әдебиеттану, өнертану секциясының төрағасы.
— «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.
— Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңеске мүше болып тағайындалды.
— М. Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәжілісте баяндама жасады. Атырау, қыркүйек.
— ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өткен «Махамбет және орта ғасыр поэзиясы» атты ғылыми конференцияда «Махамбет – қазақ әдебиетінің классигі» атты баяндама жасады. (14 Қазан, Париж).
— Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің III мәжілісінде «Мәдени мұра – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында баяндама жасады. (28 Қараша, Астана).
— Махамбет атындағы сыйлықпен марапатталды.
2004 — М.А. Шолоховтың туғанына 100 жыл толуына арналған «К 100-летию М.А. Шолохова» атты медальмен марапатталды. (6 Қыркүйек, Мәскеу).
2007 — Халықаралық Айтматов академиясына академик болып сайланды.(Желтоқсан, Бішкек).
2008 жылдан бастап — ҚР БҒМ Ғылым комитеті, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарады.
— Мәшһүр-Жүсіп медалімен марапатталды.
— Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі болып сайланды.
— С.А. Қасқабасовтың бастамасымен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанынан
17.00.01 – театр өнері,
17.00.02 – музыка өнері және
17.00.04 – бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер және сәулет өнері
мамандықтары бойынша өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі
К 53.40.03 диссертациялық кеңес құрылып, жемісті жұмыс істеп келеді.
2010 — «За научный вклад в образование России» атты медальмен марапатталды. (24 Наурыз, Мәскеу).
— Корей және Орталық Азия шығармашылық симпозиумында «Фольклор в системе культуры XX века» тақырыбында баяндама жасады.(25 Тамыз).
2011 — «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалін иеленді; ТМД аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты атанды.
2012–2014 — М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклортану және әдебиеттану бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді үйлестіріп, академиялық басылымдар серияларына ғылыми жетекшілік етті. Осы кезеңде диссертациялық жұмыстарға ғылыми кеңесші ретінде қатысты.
2015–2016 — гуманитарлық ғылымдардың даму мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар мен сұхбаттар жариялап, қазақ фольклоры мен сөз өнерінің типологиясы жөнінде дәрістер оқыды.
- 2016 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2017–2019 — фольклортану, мәтінтану, көне және жаңа сөз өнері мәселелері бойынша ғылыми мектептің қызметін нығайтып, көптомдық академиялық еңбектердің дайындалуына жетекшілік жасады. Ғылыми қауымдастықта беделді сарапшы ретінде танылды.
2020–2021 — гуманитарлық ғылымдардың қоғамдағы орны, ұлттық мәдени жад пен рухани мұра мәселелеріне арналған публицистикалық және ғылыми ой-толғамдарымен танылды.
2022–2024 — қазақ фольклоры мен прозасының типологиясы, дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы мәселелері бойынша ғылыми бағыттардың дамуына үлес қосты, академиялық мұра мен ғылыми мектептің сабақтастығын қамтамасыз етті.
2025 — 28 сәуірде өмірден өтті. Ғалымның мұрасы мен еңбегіне арналған
естелік материалдар мен некрологтар республикалық және салалық басылымдарда жарық көрді.
— 24 маусымда 85 жылдығына арналған
«Академик Қасқабасов феномені: ғылыми мектептер, теориялар және тәжірибелер»
атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.